Іскерлік Сапарлар

Әр іскерлік сапарларға қойылатын талаптар ерекшеленеді. Міне, сондықтан біз Қазақстандағы жедел дамып келе жатқан бизнес саласындағы іскери сапарларға қызмет көрсеткенде Клиенттің жеке мүддесін түсінуге тырысамыз.

Біз іскери туристке, бұл сапарды ұйымдастырушыға, қаржы менеджеріне - әмбебап шешімнің артықшылығын пайдаланып қалуға, яғни бір жерден қызметтің толық жиынтығын алуға мүмкіндік береміз.

Біздің клиенттерге бюджетті қалай тиімді пайдалануға болатындығы жайлы ақыл-кеңес алу үшін жеке менеджерлермен істес болу ұсынылады.

Біздің туристік өнім мен қызмет түрлері мыналардан тұрады:

Әуебилеттер
 
Әуебилеттер «Amadeus», «Sabre», «Abacus», «Gabriel», «Sirena» сияқты Ғаламдық Дистрибуция жүйелері арқылы брондалады. Біз «IATA» халықаралық әуе транспорт қауымдастығының тасымалдарды бойынша есеп айырысу жүйесіне – BSP жүйесіне қатысушы болып, өз клиенттерімізге шартараптың әр бағытына электронды билеттерді ұсынамыз.
Визалық қолдау
 

«Отрар Тревел» қазақстандық және шетелдік азаматтарға кіру құжаттарды (визаларды) рәсімдеу бойынша қызмет көрсетеді.

• Эмиграциялық қызметтен өтуге арналған құжаттаманы рәсімдеу;

• Туристстік және қызметтік визалармен қамтамасыз ету (біржолғы және көпжолғы);

• Қазақстан Республикасына резидент емес тұлғаларды тіркеу.

Әлемнің кез келген жерінде отельдерді брондау
 
«Отрар Тревел» Қазақстанда және шет елдерде отельдерді брондайды. Біз компания кеңсесіндегі электронды брондау жүйелерін және әлем елдеріндегі сенімді қызмет берушілерді жұмылдыра отырып, сіз үшін отель бөлмелерін брондаймыз.
Трансфер
 
Біз бірқатар транспорт компаниялармен қызмет істейміз, соның арқасында жер транспорт қызметтерін: яғни – трансфертті: Әуежай-Қонақүй-Әуежай ұсынуға мүмкіндігіміз бар; бұл үшін әр түрлі көлік пайдаланылады.
Саяхат пен жолсапарларды сақтандыру
 
Сақтандыру полисі медициналық сақтандыру, жолаушыларды жазатайым оқиғалардан сақтандыру, жүктің жоғалуынан сақтандыру, шетелге ұшып шықпауынан сақтандыру қызметтерін қамтиды. Сақтандырудың өзі компания офистерінде тікелей жүргізіледі. Агенттіктің серіктестері – озық сақтандыру компаниялары.
Әуежайда қарсы алу/шығарып салу
 

• Жүк процедурасына қатысты құжаттаманы рәсімдеу;

• Төлқұжаттық бақылаудан өтуге қатысты құжаттаманы рәсімдеу;

• Жолаушының тіркелуіне қатысты құжаттаманы рәсімдеу;

• Кедендік бақылаудан өтуге қатысты құжаттаманы рәсімдеу

Теміржол билеттері
 
«Отрар Тревел» агенттігі Қазақстан бойынша, сондай-ақ, өзге халықаралық бағыттар, соның ішінде Еуропа елдері бойынша теміржол билеттерді рәсімдеу қызметтерін ұсынады.
Корпоративті қызмет көрсету
 
«Отрар Тревел» агенттігі өз клиенттеріне іскери сапарлар, конференциялар, семинарлар, оқыту және көтермелеу жолсапарлары бойынша, сондай-ақ корпоративті консультациялар және бюджеттің тиімді пайдалану талдауы бойынша кең ауқымды қызметтерді ұсынады.

«Отрар Тревел» корпоративті клиенттер үшін кең ауқымды қызметтерді ұсынады:

• Әлемнің кез келген бағыттарына ең оңтайлы және ыңғайлы маршруттарды әзірлеп дайындау;

• Компанияның талабымен бағыт бойынша маршруттардың құнын есептеу;

• Компания сұратқан маршруттар бойынша орындарды брондау;

• Компанияның талабымен бағыттар бойынша әуе билеттерді рәсімдеу және жаздыру;

• Компанияның талабымен әуе билеттердің қайтарылуын рәсімдеу;

• Компаниядан түсетін өтінімдерді қабылдау және өңдеу (оларды тігу, тіркеу және архивтеу);

• Компаниямен салыстыру актын жасау үшін, төлеу шоттарын рәсімдеу және бүкіл қажетті құжаттаманы (әуе билеттерді, инвойстарды, түбіртекті т.б.) ұсыну;

• Компания қызметкерлерінің саяхаттарын және іскери сапарларын ұйымдастыруға қатысты консультациялық және ақпараттық қызметтерді Компанияның талабымен ұсыну;

• Жинақтау жүйелері бойынша деректерді жүргізу және есепке алу (корпоративті мильдік карталар), сондай-ақ Компанияға бұл мәселе аясында жәрдем және кеңес беру.

Құжаттарды жеткізу
 
Электронды билеттердің жеткізілуі электронды құралдар және қала бойынша құжаттарды жеткізетін курьерлік бөлім арқылы жүзеге асырылады.

 

Ұшақ бортында брондала алатын қосымша қызметтеріміз:

– ұшақ бортындағы белгіленген орындар;

– арнайы ас;

 

Төменде тізімделген қызметтер әуекомпаниялардың тапсырысы бойынша ұсынылады:

–кәмелетке толмаған балаларды жолда сүйемелдеу;

– сәбилерге арналған бесіктер;

– үй жануарларды алып ұшу;

– стандартсыз заттарды алып үшу.

Іскерлік сапарлар әркезде қарбаласта өтеді. Қызу жұмыс кестесі орын ауыстырулар мен сапарлардағы аздаған өзгерістер жоспарына байланысты бұзылуы мүмкін. Сондықтан «Отрар Травел» сенімді сервиспен қамтамасыз етіп, дұрыс шараларды пайдалануда сізге көмек көрсетеді. Іскерлік туризмді ұйымдастыруда біздің сарапшылар орынға келіп-жеткенде көрсетілетін түрлі қызметтермен қоса алғанда қонақүй, көлік, ұшып келуін брондайтын және жолсапарларын жоспарлауға, тағы да виза алу процессінде көмек көрсетуге даяр.

Сіздің сапарлар мен саяхаттардың түрлі тиіптеріне қажеттіліктеріңізді қанағаттандыруда, сіз «Отрар Тревелдің» корпоративтік клиенттермен жұмыс iстейтiн бөліміне арқа сүйей аласыз. Кіші қызметкерден бастап басшыға дейін онлайн тәртібін пайдаланып, біз туристің жеке қалауы мен талабын ескере отыра, оңай шешімін таба аламыз. Сіздің талап етуіңіз бойынша, сіздің жүріп-тұруыңызға толық шолу жасайтын есептей нәтижесінің рұқсатын пайдалана аласыз.

       
  EnglishРусскийКазақ

Жіберілімге жазылу.